Түркия Республикасының Анкара қаласында Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Жұбанов және Түркі дүниесінің музыкалық мұрасы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек барысында оркестр артисі, өнертанушы Әсет Джумабаев ғылыми баяндама жасап, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі құрамындағы домбыра тобы: өткені мен бүгіні» атты қазақ кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен оркестрдің ұлттық мәдениеттегі тарихи рөлін жан-жақты таныстырды.
Іс-шара қорытындысында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан халықаралық сертификат табысталды. Бұл тағылымды кездесу түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеуге және халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұжымы түркі халықтарының мәдени байланысын нығайтуға, ортақ рухани мұраны дәріптеуге және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып келе жатқан Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымынана өз алғысын білдіреді.


