«Халық әуені» жобасы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артистері жас Қостанай облысындағы жас өнерпаздарға шеберлік сағаттарын өткізді

23 мамыр 2026 Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ -ның демеушілігімен «Халық әуені» жобасы аясында Қостанай облысының Жітіқара, Лисаков, Сарыкөл аудандарында гастрольдік сапарын өткізді. Ұлттық оркестр артистері гастрольдік концерттік бағдарламалармен қатар Қостанай облысының Лисаков қаласы мен Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылдарындағы Балалар өнер мектебінің жас өнерпаздарына ұлттық аспабымыз домбырада орындаушылық шеберлік сағаттарын өткізді. Шеберлік сағаттарын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артистері Мәдениет саласының үздігі Біржан Алиев пен Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Төлеби Нұрғали өткізді. Іс-шара барысында өңірдегі жас өрендерге аспапта орындаушылық ерекшеліктері, сахна мәдениеті бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Шеберлік сағатына қатысқан Лисаков қаласы және Сарыкөл аулындағы өнер мектептерінің басшылығына, ұстаздарына, оқушыларға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің атынан алғыс білдіреміз.