«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  ауқымды бірегей жобасының аясындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің гастрольдік сапарының қорытынды концерті Қостнай облысының Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кентінде өтті

23 мамыр 2026 Жаңалықтар

2026 жылдың 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының демеушілігімен «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  ауқымды бірегей жобасын жүзеге асырды. Мәдени жобаның негізгі мақсаты  –  халықтық ұлттық мәдениет пен өнерді  еліміздің аумағындағы өңірлер мен ауылдық аймақтарда кеңінен дәріптеу, халықтың мәдени игіліктерге  тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың ел аумағында кеңінен таралуын арттыру және насихаттау болып табылады. Жоба аясындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің қорытынды концерті Қостанай облысының Сарыкөл ауданы,Сарыкөл кентінде өтті. Концерт бағдарламасында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова сынды ұлы күйшілердің жауһар шығармалары, сондай-ақ халықтың жадында сақталған халық әндері, композиторлардың әсем әндері орындалды. Оркестрмен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова өнер көрсетті.  Кеш соңында өңір тұрғындары атына Сарыкөл кенітінің әкімдігі ұлттық өнерге деген құрметі мен зор қошеметін білдіріп, ұлттық оркестр ұжымына сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. «Халық әуені» концерттік-гастрольдік сапары Сарыкөл жұртшылығы үшін ұлттық мұрамен қайта қауыштырған тағылымды мәдени оқиғаға айналып, Қостанай облысындағы гастрольдік сапар өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының демеушілігімен өткен «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  жобасын ұйымдастырған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына, Қостанай облысының әкімдігіне және аудан әкімдіктеріне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі атынан шынайы алғысымыз бен зор ризашылығымызды білдіреміз. «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  жобасы жалғасын таба беруіне тілектеспіз!