ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

02 декабря 2025 Жаңалықтар

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің шағын құрамы Батыс Қазақстан облысына гастрольдік сапары аясында қайырымдылық концертін өткізді.

Ұлттық оркестрдің шағын құрамы «БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» өнер көрсетіп, тәрбиеленушілер мен қызмет алушыларға ерекше музыкалық бағдарлама ұсынды.

Бұл игі шараның мақсаты – ұлттық өнер арқылы жүректерге қуаныш сыйлау және қоғамда әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға рухани демеу көрсету.