Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Батыс Қазақстан облысына гастрольдік сапары аясында оркестрдің директоры Медет Қуанышев, оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген және оркестрдің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлының қабылдауында болды.
Кездесу барысында ұлттық оркестрдің Батыс Қазақстан облысына гастрольдік сапарының мақсаттары мен жоспарлары талқыланып, оркестрдің шығармашылық жетістіктері мен алдағы концерттік жобалары туралы айтылды.
Бұл кездесу ұлттық оркестрдің Ақжайық еліндегі гастрольдік сапары аясында шығармашылық байланыстарды нығайтуға және қазақ музыкасының бай дәстүрін насихаттауға арналған маңызды сәт болды. Кездесу барысында оркестрдің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев күйден шашу шашты.


