Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Батыс Қазақстан облысына арналған гастрольдік сапары өз мәресіне жетті.

07 декабря 2025 Жаңалықтар

Шараның қорытынды концерті БҚО-ның Жаңақала ауданында өтіп, «Ұлттық оркестр Жаңақала ауданында» бағдарламасы өңір жұртшылығына ерекше рухани әсер сыйлады.

Аудан тұрғындары ұлттық оркестрді зор ықыласпен қарсы алып, шынайы қошеметін білдірді.

Концерт барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев, сондай-ақ халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Шынар Балтина, Асхат Үрпеков және Нұрғалым Аманбай оркестрмен бірге және жеке орындауда өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.

Ұлттық оркестрдің қорытынды концерті ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатып, оркестр ұжымының кәсіби деңгейін тағы да айқын көрсетті. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!