Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы құдіретті күй өнері әлемдік цифрлық платформаларда қолжетіміді. Бұл — оркестр тарихындағы ең ауқымды әрі алғашқы ерекше жаңалық! Цифрлық платформаға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы: Құрманғазы Сағырбайұлының «Көбік шашқан», «Ақбай», «Кісен ашқан», «Балбырауын», «Адай», «Ақсақ киік», Сүгірдің «Бөзінген», Дина Нұрпейісованың «Әсемқоңыр» күйі, Тәттімбеттің «Қосбасар», Қазанғаптың «Қазанғап», Н. Тілендиевтің «Темірбектің төкпесі» , Дайрабайдың күйі «Дайрабай» күйлері, сонымен қатар, А. Жұбановтың «Қазақ маршы», Е. Брусиловскидің «Желдірме», К. Күмісбековтың «Биші қайың», Т. Қажығалиевтің «Қыз қуу», Х.Тастановтың «Тыңға аттану», С. Бәйтерековтың «Әлия» С. Шабельскийдің «Абай желдірмесі»
С. Шабельский мен Л. Шаргородскийдің «Траурный марш», С. Құсайновтың «Мереке» атты шығармалары енді.
Сүйікті күйлеріңізді өзіңізге ыңғайлы сервистен тыңдаңыз:
- Spotify
- Apple Music
- YouTube Music
- Deezer
- TikTok Music
- Instagram / Facebook Music Library
- VK Музыка
- Яндекс Музыка
- BOOM
- Amazon Music
- Tidal
- Shazam
Дәл қазір жазылыңыз, бөлісіңіз және ұлттық өнердің жаңа
тынысын бірге сезініңіз!