Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат»орденінің кавалері, күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың 80жылдығына арналған рухани «КҮЙ ҰРАН» атты еске алу кешіБүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрініңконцерт залында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты, күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығынаарналған «Күй ұран» атты рухани еске алу кеш өтті.

06 маусым 2026 Жаңалықтар


Кеш барысында қазақ күй өнерінің заңғар тұлғасы Қаршыға
Ахмедияровтың шығармашылық мұрасы дәріптеліп, ұлт руханиятындағы
орны мен өнердегі өлшеусіз еңбегі кеңінен насихатталды. Күй құдіреті
арқылы халқымен мәңгі үндескен күйші-сазгердің халық жүрегінен орын
алған шығармалары орындалды.
Тағылымды кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар
оркестрімен бірге Ерболат Ахмедияров, Таңат Сәденов, Ақбөкен Темір,
Ақтоты Ахмедиярова, Азиза Әбдірейім, Бақытжан Дүйсенғазиев, Байбақты
Ідірбаев, Жантілек Жұмагелдиев, Асылбек Жорабеков, Уәли Мұратқазин,
Асқар Рысбек сынды талантты өнер иелері қатысты.
Қаршыға Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылығы ұлт тарихындағы
тұңғыш оркестр – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар
оркестрінің тарихымен тығыз байланысты. Концер аясында Қаршыға Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде күйшінің қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан ғылыми еңбектері, музыкалық аспаптары, суреттері, мемлекеттік марапаттары қойылды. Дара тұлғаның орындаушылық шеберлігі, қайталанбас күйшілік қолтаңбасы мен ұстаздық жолы қазақ музыка мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Өнер иесінің әрбір күйі
туған жерге, елге, ұлт рухына деген шексіз сүйіспеншіліктің көркем шежіресі
болып қала береді. «Күй ұран» кеші — қазақ күй өнерін жаңа биіктерге көтерген ұлы
тұлғаның рухына тағзым етіп, ұлттық өнердің өміршеңдігін, ұрпақтар
сабақтастығын және күй құдіретінің мәңгілік мәнін айшықтаған рухани кеш
болды.