2026 жылдың 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының демеушілігімен «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  ауқымды бірегей жобасының аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерті Қостанай облысы Лисаков қаласында жалғасты

22 мамыр 2026 Жаңалықтар

2026 жылдың 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының демеушілігімен «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  ауқымды бірегей жобасын жүзеге асырды. Мәдени жобаның негізгі мақсаты  –  халықтық ұлттық мәдениет пен өнерді  еліміздің аумағындағы өңірлер мен ауылдық аймақтарда кеңінен дәріптеу, халықтың мәдени игіліктерге  тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың ел аумағында кеңінен таралуын арттыру және насихаттау болып табылады.

Гастрольдік сапар аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі  Қостанай облысының Лисаков қаласында «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ»  бағдарламасының шеңберінде концерттік бағдарламаларын ұсынып, өңір көрермендеріне ұлттық музыка өнерінің үздік шығармаларын ұсынды. Концерт барысында халық күйлері мен қазақ композиторларының таңдаулы шығармалары орындалып, көрермендер ұлттық өнердің терең мазмұны мен рухани құндылығын ерекше ықыласпен қабылдады. Концертте оркестр әртістерінің кәсіби шеберлігі мен орындаушылық мәдениеті жоғары деңгейде көрініс тауып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрімен бірге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова арнайы қатысып, ұлттық оркестрдің сүйемелдеуімен көпшілікке кеңінен танымал әндерін орындады.