15 сәуір Ғашықтар күніне орай «Махаббат мәңгі ертегі» концерті өтті

15 сәуір 2026 Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің махаббат
мерекесі ғашықтар күніне орай ұйымдастырылған «Махаббат мәңгі ертегі» атты
ерекше концертті жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында көрермендер лирикалық сезімдер әлеміне еніп,
махаббаттың мәңгілік тақырыбын әсем әуен арқылы терең сезінді. Ұлттық
оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған лирикалық шығармалар көрермен
жүрегіне ерекше әсер қалдырды.
Концертте Асанәлі Әшімов театрының актерлері Нұрлан Бақытжанұлы
мен Нұрай Әбдірашит сахнада махаббат тақырыбындағы ғашықтар диалогвн
ұсынып, кешке ерекше әсер қалдырды.
Кеште Қазақстан эстрадасының танымал өнерпаздары – Еркеш Хасен,
Абик Жексен және Аружан Данышпан ұлттық оркестрмен бірге өнер көрсетіп,
көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ұлттық оркестрдің бас дирижеры «Құрмет» орденінің иегері Абылай
Тілепберген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері дирижер Жексен Айсын
және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Нарын
Қажығали кәсіби шеберліктерімен концерттің көркемдік деңгейін жоғары
деңгейде көрсетті.
«Махаббат мәңгі ертегі» – музыка мен сезім үйлесім тапқан, жүрек қылын
тербеткен, көрермен жадында сақталатын ерекше рухани кеш болды.