Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ҚР Ұлттық орталық музейінде «АХМЕТ ЖҰБАНОВ: ДӘУІР ҮНІ» көрмесінің ашылуында өнер көрсетті

10 сәуір 2026 Жаңалықтар

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі өткен қазақ кәсіби музыка өнерінің дара тұлғасы Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Жұбанов: дәуір үні» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.

Көрме Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы күмбірлеген күймен ашылып, көрермен жүрегіне ұлттық өнердің терең тынысын жеткізді. Ұжымның жоғары кәсіби деңгейі мен сахналық мәдениеті кеш мазмұнын айшықтап, өнерсүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Тағылымды шараның шырайын ашқан — ұлы тұлғаның ұрпақтары немересі Шолпан Жұбанова жүрекжарды естеліктерімен бөліссе, шөбересі, халықаралық байқаулардың лауреаты Карина Измаилова сахнада өнер көрсетіп, атасының шығармаларын орындады.

Кешке ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов қатысып, Ахмет Жұбанов және ұлттық  оркестр туралы жылы естеліктерімен  бөлісті.

Бұл көрме — ұлттық музыка өнерінің алтын арқауын жалғаған ұлы тұлғаның бай мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды шара болды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі үшін Ахмет Жұбановтың музыкалық мұрасы – мәңгілік рухани  қазына.