FOLK SHOW NAURYZ концерті

20 наурыз 2026 Жаңалықтар

Almaty Theatre сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне арналған «FOLK SHOW NAURYZ» атты ерекше концерт өтті. Дирижер Әділет Азбаевтың жетекшілігімен ұсынылған авторлық музыкалық жоба аясында қазақтың күй және дәстүрлі ән өнері заманауи аранжировкалармен үндесіп, жаңа форматта көрерменге жол тартты. Сонымен қатар, әлемге танымал кинотуындылардың саундтректері ұлттық аспаптардың орындауында шырқалды.

Концертке қобызшылар Олжас Құрманбек, Гүлнұр Саргизова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ербол Тәжібаев, Дана Сабит, Шахзод Сана, Ақынер Айлин, Ақылбек Бектасов, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би ансамблі қатысты. Оркестр әртістерінің жоғары деңгейдегі орындаушылығы мен сахналық көркемдік шешімдер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

FOLK SHOW NAURYZ» – ұлттық өнер мен заманауи бағыттың үйлесім тапқан, Наурыз мерекесінің мазмұнын терең ашқан жарқын мәдени жоба болды.