Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Талдықорған қаласында «ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ТАЛДЫҚОРҒАНДА» атты концерті өтеді

23 маусым 2026 19:00 Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы

2026 жылғы 23 маусым сағат 19.00-де халқымыздың ұлттық музыка өнерінің бастауында тұрған, ұлт тарихындағы тұңғыш оркестр – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі жер жәннаты Жетісу атанған киелі өлке – Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына «ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ТАЛДЫҚОРҒАНДА» атты гастрольдік концертін өткізеді.  Концерт бағдарламасында ұлттық оркестрдің сүйемелдеуімен халқымыздың дәстүрлі музыкалық мұрасы – құдіретті күйлер, Жетісу әншілік мектебінің әуезді де сырлы әндері, сондай-ақ әлемдік классикалық музыканың жауһар туындылары орындалады. Бұл кеште Жетісу жұртшылығы ұлттық өнер мен әлемдік музыкалық мәдениетті тоғыстырған ерекше концерттің куәсі болады.

Ұзақтығы 1 сағат, 30 минут