8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сен үшін» мерекелік концерті

05 наурыз 2026 19:00 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сен үшін» мерекелік концертін ұсынады.
Бұл күн барша әйелдердің нәзіктігі мен мейірімі, шексіз сұлулығына арналған ерекше мереке. «Сен үшін» концерті ұлттық оркестрдің авторлық жобасы, сіз үшін арнайы дайындалған мерекелік кеш!
Оркестрдің бас дирижері: «Құрмет» орденінің кавалері Абылай Тілепберген, дирижерлар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Нарын Қажығали

Билет сатып алу