Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі қазақтың көрнекті күйші-домбырашысы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, талантты композитор Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған рухани кеш өткізеді.

06 маусым 2026 16:00 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залы

Мерейтойлық кеш аясында Қаршыға Ахмедияровтың таңдаулы күйлері орындалып, оның ұлттық музыка өнеріндегі орны мен Құрманғазы оркестрінің тарихындағы шығармашылық жолы кеңінен насихатталады. Бұл тағылымды кеш – қазақ күй өнерін биік деңгейге көтерген дара тұлғаның рухани мұрасына көрсетілген құрмет әрі ұлттық өнер сабақтастығын дәріптейтін маңызды мәдени кеш.