Қазақстан композиторларының шығармаларынан концерт

24 сәуір 2026 19:00 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залы

2026 жылғы 24 сәуір күні сағат 19:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі «Қазақстан композиторларының шығармаларынан концерт» атты ерекше музыкалық кешке шақырады.

Концерт қазақ музыка өнерінің алтын қорына  ұмытылмас әуендер қалдырған Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы, Латиф Хамидидің 120 жылдығы, Ермек Серкебаевтың 100 жылдығы, Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы,  Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығы, Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойларына арналады. Концерт бағдарламасында қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген Қазақстан композиторларының таңдаулы туындылары орындалады. Кеште танымал әншілер Бибігүл Қилымхан, Сая Махамбетова, Айжан Нұрмағамбетова, Айдос Жабағин, Асқар Рысбек ұлттық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері – «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген.

Дирижерлар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Нарын Кажгали.

Ұлттық нақыш пен заманауи орындаушылық үйлесім тапқан бұл концерт – қазақ композиторларының бай мұрасын дәріптейтін мазмұнды мәдени кеш.

Келіңіздер, әсем музыкалық кештің куәсі болыңыздар!

Ұзақтығы 1 сағат, 30 минут
Билет сатып алу