ҚҰРМАНҒАЗЫ ОРКЕСТРІ ЖАЙЫҚ ТӨРІНДЕ

09 December 2025 News

2 желтоқсан күні “Атамекен”концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ОРАЛДА» атты концерті өтті.

Кеште БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы сөз сөйлеп, оркестрді Ақ Жайық еліне арнайы шақыртқанын атап өтті. Алатаудан жеткен ұжымға Құттықтау хат табыстап, естелік сыйлық табыстады.

Құрманғазы оркестрінің концерттік бағдарламасы екі бөлімнен құралды. Алғашқы бөлімі қазақ композиторларының шығармаларына арналды.

Бағдарламаның екінші бөлімінде орыс және шетел композиторларының шығармалары орындалды.

Кеш соңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев түйінсөзінде ұжымның Батыс Қазақстан облысына сапарына қолдау білдірген облыс әкімдігі мен мәдениет саласындағы атқа мінер азаматтарға алғысын жеткізді.

Өнерпаздарға БҚО әкімінің ықылас гүлі ұсынылды.