RU KZ EN

Репертуар





Жаңа жылдық мерекелік концертке!



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрі сіздерді өнер сүйер қауымға арналған керемет жаңа жылдық мерекелік концертке шақырады! Бұл кеште оркестрмен бірге қазақстандық эстраданың жарық жұлдыздары ерекше даусымен танымал Ғаділбек Жанай, әсем үнімен баурайтын Ақбота Керімбекова, дарынды Аружан Данышпан, нәзік дауысты Ажар Еркебұланова, сондай-ақ танымал Meloman тобы өнер көрсетеді Сіздерді шабытқа толы әуендер, жарқын вокалдық қойылымдар және Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік атмосфера күтеді. Музыка сиқырына бөленіп, мерекені ерекше әсермен қарсы алуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!


Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылу арқылы біз сізді Filarmonica della Scala оркестрінің қызметі туралы хабардар етіп отырамыз.