Шаттық Отаны
2024 жылдың 8 қарашасы күні сағат 19.00 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған «Шаттық Отаны» атты концерті өтеді. Сыдық Мұхамеджанов – ҚазССР және КСРО халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор. Композитордың Құрманғазы оркестріне арнап жазған музыкасы және осы ұжыммен тығыз шығармашылық байланысы ұлттық музыка өнерімізді биік деңгейге көтерді. Оркестрге арналған «Балқадиша» әніне вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Солардың ішінде шоқтығы биік шығармаларының бірі – «Шаттық Отаны» поэмасы. Бұл туынды 1953 жылы жастар мен студенттердің Бухаресте өткен Бүкіләлемдік фестивалінде орындалды. Концертте Мәдениет саласының үздігі Бейбарыс Хамзин, Республикалық конкустардың лауреаттары – Айдос Жабағин, Әсел Рақымжан, Тахауи Рахметов, Аяжан Қуаншалиева өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Оркестрдің бас дирижері Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. Дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Жексен Айсын, Республикалық конкурстардың лауреаты – Нарын Қажығали.