RU KZ EN

Репертуар





ІНЖУ-МАРЖАН: 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШ



3 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық деңгейдегі «Інжу-маржан» атты концертін өткізеді. Кештің арнайы қонақтары: Өзбекстанның халық артисі Фарух Садыков, Қырғызстанның халық артисі Бақыт Тілегенов, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі Айбек Саралаев. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Секен Тұрысбеков, Қазақстанның халық артистері Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Талғат Күзембаев, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Еркебұлан Сапарбаев, Айдос Жабағин, Төлеген Рахымбаев өнер көрсетеді. Оркестр ғимараты фойесінде оркестр тарихынан сыр шертетін фотозона және аты аңызға айналған ұлы күйшілердің домбыраларынан арнайы көрме ұсынылады. Билеттер тикетон сайтында. 4 қазан күні облыстық оркестрлердің бас дирижерлерінің қатысуымен дирижерлер шеруі өтеді.


Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылу арқылы біз сізді Filarmonica della Scala оркестрінің қызметі туралы хабардар етіп отырамыз.