2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қалалық филиалымен бірлескен «Бірге шырқайық» атты концерт өтті

30 қыркүйек 2026 Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, «Бірге шырқайық» атты концерт өткізді. Концертте қазақ эстрадасының бірнеше буынға танымал әндері ұлттық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды. Оркестрге «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепберген және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Жексен Айсын жетекшілік етті. Сахнада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрімен бірге Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев пен Мақпал Жүнісова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова мен Жанна Орынбасарова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Бибігүл Қилымхан, халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай мен Ербол Нариманұлы, сондай-ақ «Azia» және «Melomen» топтары өнер көрсетті. «Бірге шырқайық» кешінде ұлттық аспаптардың үні мен эстрадалық әндер тоғысып, өнерсүйер қауымға ерекше музыкалық кеш сыйлады.

✆