Бүгін қазақ музыка өнерінің қарашаңырағы, ұлт тарихындағы тұңғыш оркестр – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылған күні.
1934 жылдың 25 маусымында негізі қаланған ұлттық оркестр осы уақыт ішінде халқымыздың бай музыкалық мұрасын насихаттап, ұлттық өнердің мерейін әлемдік сахналарда асқақтатып келеді. Ұлттық оркестрдің орындауындағы құдіретті күй өнері мен халық әндері ұлт руханиятының ажырамас бөлігіне айналды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ғасырмен үндескен тоқсан екі жылдық шежірелі тарихында ұлттық музыкалық өнердің алтын қорын сақтап қана қоймай, оны заман талабына сай жаңғыртып, шығармашылық биіктерді бағындырып келеді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылған күні баршаңызға құтты болсын! Ұлттық өнеріміздің мерейі артып, оркестрдің шығармашылық ғұмыры баянды, жетістіктері жжемісті болғай!



