Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ТАЛДЫҚОРҒАНДА» атты гастрольдік концерті өтті.Кеш барысында ұлттық оркестрдің орындауында халқымыздың құдіретті күй өнері, Жетісу әншілік мектебінің әуезді де сырлы әндері, сондай-ақ әлемдік классикалық музыканың жауһар туындылары орындалды.
Ұлттық оркестрмен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, әнші Жеңіс Ысқақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев, Мәдениет саласының үздігі, оркестр әртістері Әсел Жылқышынова мен Ардақ Итекеева, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі, опера әншісі Асқар Рысбек, әнші Асхат Үрпеков, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, оркестр әртісі Әсел Рақымжан, сондай-ақ А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының жас виолончелистер ансамблі өнер көрсетті.
Концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, «Құрмет» орденінің кавалері Абылай Тілепберген мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық оркестрдің дирижері Жексен Айсын дирижерлік етті.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Талдықорған қаласының тұрғындарына, қала қонақтарына, өнерсүйер қауымға және І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының ұжымына жылы қабылдауы мен қолдауы үшін шынайы алғысын білдіреді. Кеш жоғары деңгейде өтіп, Жетісу өңірінің мәдени өміріндегі ерекше концерттік кештің бірі болды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына және І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының ұжымына ыстық ықыласы мен шынайы алғысын білдіреді.




